Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Оған Иман Хелиф пен Линь Юйтинге қатысты дау себеп.
Халықаралық бокс федерациясы (IBA) басшылығы Халықаралық олимпиада комитетін (ХОК) сотқа бермек. Бұған алжирлік боксшы Иман Хелиф пен Тайвань өкілі Линь Юйтиннің Париж Олимпиадасына қатысуына рұқсат берілуі себеп. Бұл туралы IBA-ның баспасөз қызметі хабарлады.
IBA мәлімдемесіне сәйкес, бұл шешім Дональд Трамптың трансгендерлерді әйелдер жарыстарына қатыстырмау туралы жарлығымен байланысты қабылданған.
"Президент Трамптың жарлығы IBA-ның әйел боксшыларды әділетсіз бәсекелестіктен қорғауға бағытталған қатаң ұстанымын растайды. ХОК бұл спортшылардың дисквалификациясы туралы ақпаратты елемей, олардың іріктеу жарыстарына, кейін 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуына мүмкіндік берді. Нәтижесінде олар алтын медаль жеңіп алып, лайықты спортшылардың мүмкіндігін шектеді. Осыған байланысты IBA ХОК-тың әрекетіне ресми шағым түсіріп, Олимпиадада өнер көрсетуге құқығы жоқ спортшылардың жарысқа қатысуына жол бергенін сынға алады. Швейцария заңнамасына сәйкес, жарысқа қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекет немесе әрекетсіздік тергелуге тиіс және қылмыстық қудалауға негіз бола алады. Сондай-ақ, осыған ұқсас шағымдар Франция мен АҚШ-тың бас прокуратураларына жолданады", – делінген мәлімдемеде.
IBA басшысы Умар Кремлев ХОК шешімінен зардап шеккен спортшыларды ұйым басшылығын, соның ішінде ХОК президенті Томас Бахты сотқа беруге шақырды.