Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Азиада-2025: Тағы бір қандасымыз жүлдегер атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Қытайда туып-өскен тағы бір қандасымыз Қанағат Мұхаммедұлы конькимен жүгіруден IX қысқы Азия ойындарының жүлдегері атанды.

Азиада-2025: Тағы бір қандасымыз жүлдегер атанды
kaz.inform.kz

Қытай құрамасының атынан сынға түсіп жатқан Қанағат Мұхаммедұлы 5000 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден қола медальға қол жеткізді.

Ол аталған қашықтықты 6:31.54 секундта жүгіріп өтті. Бұл сайыс түрінен барлық жүлдені жарыс қожайындары қанжығаларына байлады. Атап айтсақ, алтын жүлдені Қанағат Мұхаммедұлының командасы Ву Ию 6:27.81 нәтижесімен жеңіп алса, күміс медальға тағы бір қытайлық спортшы Лию Ханбин еншіледі. Ол аталған қашықтықты 6:29.93 уақыт көрсеткішімен бағындырды.

Айта кетейік, Қанағат Мұхаммедұлы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай ауылында 1999 жылы дүниеге келген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір