Нысана көздеуден Азия Кубогында ел қоржынына алғашқы медаль түсті
Тайланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогы басталды.
olympic.kz
Алғашқы жарыс күні тапаншамен 10 метрден оқ атуда Сейіл Малика мен Кирилл Федькин жұбы күміс жүлдегер атанды. Олар аралас жұптық сынның финалында Солтүстік Корея құрамасына есе жіберді.
Сонымен қатар осы жаттығуда тағы бір Қазақстан командасы (Валерия Попелова, Валерий Рахымжан) 5-сатыға тұрақтады.
Азия Кубогы 22 ақпанда мәресіне жетеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet