
Екі спортшының жанжалы әлеуметтік желіде тарады.
Танымал бокс бапкері Мұхит Амантаев пен атыраулық спортшы Әнуарбек "Мотиватор" ақыры төбелесті.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода екі спортшы сөзге келіп, ерегеседі. Кейін Мұхит Амантаев "Мотиваторды" шапалақпен салып қалады. Кейін оның арты жаппай төбелеске ұласты.
Десе де, тараптар арасындағы кикілжің шешімін тауып, екі спортшы өзара татуласқан көрінеді.
"Арамызда кішігірім түсінбеушілік болып қалды... Жігіттің арасында енді не болмайды?! Ұрысамыз, таласамыз. Ең бастысы, бір-бірімізге ешқандай реніш жоқ", - деді танымал бапкер.
"Бізде инцидент болып қалды. Осы жерде шештік. Өздерің көп күткендей, Алла қаласа, бойымыз болады. Міне, Мұхит еркекше қол берді. Алла қаласа, төбелесеміз. Мықтыны рингте шешеміз", - деп түйіндеді Әнуарбек "Мотиватор".
Айта кетейік, Әнуарбек пен Мұхит арасында кикілжің желіде басталған еді. Бір-бірінің ашуын келтірген спортшылар төбелесуге дайын екендерін де жеткізген болатын.