Евгений Кошкин әлем кубогында тағы да ешкімге дес бермеді

Сарапшы, спорт журналисі

Нидерландыда өтіп жатқан конькимен жүгіру спортынан әлем кубогының кезеңінде қазақстандық Евгений Кошкин кезекті рет топ жарды. 

Евгений Кошкин әлем кубогында тағы да ешкімге дес бермеді
NUR.KZ

Евгений Кошкин 500 метрлік жарыста алтын медаль иеленіп, өз мықтылығын тағы да дәлелдеді. Ол үш дүркін әлем чемпионы, канадалық Лоран Дюбрейді артта қалдырды.

500 метрлік қашықтықтағы үздік үштік:

  1. Евгений Кошкин (Қазақстан) – 34.46 
  2. Лоран Дюбрей (Канада) – 34.51 
  3. Йеннинг де Боо (Нидерланды) – 34.52 

Қазақстандық спортшы екі күн бұрын әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алған болатын. Ал өткен аптада 500 метрде тағы да жеңіске жетіп, алтын медаль иемденді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір