Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Аты аңызға айналған балуанның өліміне қатысты күтпеген мәліметтер пайда болды

Редактор Penalty.kz
03.03.2025, 14:34

Үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев терезеден құлап кетуі мүмкін. 

rbc.ru
rbc.ru

Қайғылы оқиға қалай болды?

2 наурыз күні Мәскеудегі Минск көшесіндегі үйдің ауласында Сайтиевті ауыр жағдайда жатқан күйінде аула сыпырушы байқап қалғанын Baza басылымы хабарлады.

Ол жерде ес-түссіз жатқан ер адамды көріп, жақын маңдағы ағаш тақтайларға жатқызып, дереу консьержге жедел жәрдем шақыруды сұраған. Бувайсардың денесінде қан немесе көрінетін жарақат белгілері болмаған, сондықтан бастапқыда оның жағдайының себебі түсініксіз болды.

Тергеу нені анықтады?

Марқұмның ағасы тергеу барысында Сайтиев үй шаруасымен айналысып жүріп, үшінші қабаттағы пәтерінің терезесінен абайсызда құлап кетуі мүмкін екенін айтты. Қазір бұл болжамды құқық қорғау органдары тексеріп жатыр.

Балуанның өмірден өтуі

Көптеген жарақат алған Бувайсар Сайтиев ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Аты аңызға айналған балуанның қазасы бүкіл спорт әлемі үшін орны толмас қайғы болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір