Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Рамзан Қадыров өмірден өткен үш дүркін Олимпиада чемпионының құрметіне маңызды шешім қабылдады

Редактор Penalty.kz
12.03.2025, 07:43

Грозный қаласында үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев атындағы Республикалық спорттық күрес орталығы ашылады. 

openmedia.io
openmedia.io

Шешенстанның дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Қадыров бұл шешімнің қабылданғанын өз Telegram арнасында хабарлады:

"Бүгін Бувайсар Сайтиев 50 жасқа толар еді. Осыған байланысты Шешенстан басшысы Рамзан Ахматұлы Қадыровтың тапсырмасымен Грозныйда бой көтерген Республикалық спорттық күрес орталығына оның есімі берілді. Жақын арада орталық ресми түрде ашылады."

Министрдің айтуынша, бұл шешім даңқты спортшының есімін ұлықтау мақсатында қабылданды.

"Ол – тұтас бір буын спортшылары үшін символға айналған тұлға. Бувайсар Сайтиев атындағы күрес орталығынан оның мұрасын жалғастыратын жаңа чемпиондар шығады деп сенемін."

ФОТО: oxu.az

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров даңқты балуанның есімі мәңгі есте қалатынын атап өтті:

"Бувайсар Сайтиев – тек мықты балуан ғана емес, ол табандылықтың, абыройдың және мызғымас рухтың символы болды. Оның жеңістері миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жалындатты. Ол әр жекпе-жегінде жеңіске жетіп қана қоймай, баршаға өмірдің шынайы құндылықтарын көрсетті. Оның есімі ұрпақтар жадында мәңгі сақталады."

Даңқты спортшы 2 наурыз күні 49 жасында өмірден өтті. Ол:

  • 1996, 2004 және 2008 жылдары Олимпиада ойындарының чемпионы атанды (74 кг салмақ дәрежесінде);
  • 6 дүркін әлем чемпионы, 6 дүркін Еуропа чемпионы болды;
  • 1995 жылы оған Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілді;
  • "Отан алдындағы еңбегі үшін" IV дәрежелі орденімен, Құрмет орденімен және Достық орденімен марапатталды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 11
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір