Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері әкесіне көлік сыйлады (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі
15.03.2025, 21:43

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай әкесіне темір тұлпар мінгізді. Спортшы қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында жария етті. 

inbusiness.kz
inbusiness.kz

Нұрбек Оралбай желіде әкесіне көлікті сыйға тартқан сәттен фотоны жария еткен.

"Әкемізге тұлпар мінгіздік", – деп жазған боксшы фотоның астына.

Желі қолданушылары боксшыға құттықтаулары мен ақ тілектерін жаудырды.

"Әкелеріңіз бар жақсыға лайықты", "Тамаша. Қос бірдей батырдың әкесі мінген тұлпар құтты болсын"," "Біз де осы күнге жетейік, ұл өсіріп отырмыз, әкеге бұдан артық қуаныш бар ма"," Раббым берекелі қылғай", – деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, Нұрбек Оралбай былтыр жазда Парижде өткен Олимпиада ойындарында бокстан 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Кейін танымал блогер NNN отандық кәсіпкерлермен біріге отырып, Олимпиадада ел намысын қорғап келген Нұрбек Оралбайға су жаңа көлік сыйлады. Темір тұлпардың құны шамамен 20 млн теңге.

Айта кетсек, Париж Олимпиадасына Қазақстан ерлер құрамасы сапынан 7 боксшы қатысқан еді. Оның ішінде тек Нұрбек Оралбай финалға дейін жетті. Қазақстандық боксшы финалда Александр Хижнякпен (Украина) жұдырықтасты. 80 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Украина спортшысы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал Нұрбек Оралбай күміс жүлде еншіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір