
Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов пен әлем чемпионы Баходир Джалолов бір-біріне естелік сыйлықтар табыстап, жанкүйерлерін қуантты.
Кездесуде Эльдор Шомуродов өзінің "Рома" клубындағы қолтаңбасы қойылған футболкасын Баходир Далоловқа сыйға тартты, ал Джалолов футболшыға арнайы бокс қолғабын табыс етті.
Бұл сәттен фотолар әлеуметтік желілерде тарап кетті. Оларды төменнен көре аласыз.
Кездесуден кейін Джалолов Instagram парақшасында Эльдор мен ұлттық құраманы алдағы маңызды матчта қолдап, былай деп жазды:
"Иранмен болатын матчта сәттілік тілеймін!"
Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатына шығу жолындағы маңызды кезеңде тұр. Қазір олар 16 ұпаймен турнирлік кестеде көшбасшылар қатарында. Ал келесі қарсыласы – Иран құрамасында 19 ұпай бар.
Иран – Өзбекстан матчы 25 наурыз күні Тегеранда өтеді. Бұл ойын екі құрама үшін де шешуші мәнге ие болуы мүмкін.