Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шавкат Рахмоновтың отбасында қуанышты жаңалық: Әпкесі Сора ана атанды (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың отбасы үлкен қуанышпен бөлісті. Оның әпкесі Сора Рахмонова алғашқы сәбиін дүниеге әкелді. Бұл жаңалықты жұбайы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты әрі джиу-джитсудан спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаров Instagram парақшасында бөлісті.

Шавкат Рахмоновтың отбасында қуанышты жаңалық: Әпкесі Сора ана атанды (ФОТО)
liter.kz

Жаңа туған қызымен және жары Сорамен бірге түскен алғашқы кадрларды Орынбасаров 2025 жылдың 4 сәуірі күні түнде жария етті. Ол бұл қуанышын елмен бөлісіп, жақсылық пен ізгі тілектердің көбейгенін қалайтынын жеткізді:

“Отбасымызда бір жұлдыз жарқ етті. Осы жұлдыздың арқасында мен және менің жарым ең құрметті атаққа ие болдық – “Әке“ мен “Ана“ атандық. Біз қызды болдық! Аллаға шүкір! Алтын жарым Сора Рахмоноваға алғысым шексіз! Құтты болсын айтып жатқан баршаңызға мың алғыс!” — деп жазды ол.

Желіде бұл жаңалыққа сүйіншілеген оқырмандар құттықтауларын жаудырып, жас отбасыға ақжол тіледі:

  • “Бауы берік болсын! Қуаныштымын!”
  • “Керемет жаңалық! Болашақ чемпионша дүниеге келді!”
  • “Сіңлім Жұлдыз чемпион болып, бақытты болсын!”
  • “Құттықтаймын! Бақытты болсын!”

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың әпкесі Сора әлі күнге дейін өз парақшасында бұл оқиғаға қатысты ешқандай пікір білдірмеген. Оның соңғы Instagram жазбасы 11 ақпанда жарияланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір