Қазақстандық мерген әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Арина Алтухова Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен нысана көздеу бойынша әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық мерген әлем кубогының қола жүлдегері атанды
sportburo.kz

Арина Алтухова кіші калибрлі винтовкадан 50 метр қашықтықта үш түрлі қалыпта атудан 445.9 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреді. Бұл нәтиже оған халықаралық жарыстың үздік үштігіне кіруге мүмкіндік берді.

Үндістандық Каур Самра жарыс жеңімпазы атанды. Ол барлығы 458.6 ұпай жинап, қарсыластарынан айқын басым түсті. Ал күміс медальді Германия өкілі Анита Мангольд еншіледі — 455.3 ұпай.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір