
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
“2025 жылғы 29 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі,” — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
"Ауа сапасы төмендеу" деген – ауадағы зиянды заттардың мөлшері көбейіп, оның адамның денсаулығына және қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейінің артуы.
Ауа сапасы арнайы өлшемдер бойынша бағаланады. Соның ішінде Ауа сапасының индексі (AQI) жиі қолданылады. Бұл индекс ауадағы бөлшектердің (PM2.5, PM10), азот диоксиді (NO₂), көміртек тотығы (CO), күкірт диоксиді (SO₂), озон (O₃) сияқты зиянды газдар мен шаң-тозаңның мөлшерін есептейді. Егер осы заттардың деңгейі қалыпты нормадан асып кетсе, ауа сапасы "төмен" деп бағаланады.
Адам денсаулығына әсері: тыныс алу жолдарының тітіркенуі, аллергия, астма ұстамалары, жүрек-қан тамыр ауруларының асқынуы.
Қоршаған ортаға әсері: өсімдіктердің өсуіне зиян, жануарлардың тіршілігіне қолайсыздық, қала мен табиғаттағы көріністің бұзылуы (тұман, смог).
Өндіріс пен көлік шығарындылары артқанда.
Жағылатын отын (көмір, мазут, қоқыс) көп пайдаланылғанда.
Табиғи құбылыстар кезінде (шаңды дауыл, орман өрті).