Әлемнің үздік жартылай ауыр салмақ боксшыларының бірі, ресейлік чемпион Дмитрий Бивол Оңтүстік Кореяда түсірілетін «Мен – боксшымын» форматындағы реалити-жобаға арнайы қонақ ретінде қатысып, көрермен назарын өзіне аудартты.
Бивол тележобаның 4-маусымында қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылған. Бағдарламада Кореядағы кәсіби және әуесқой былғары қолғап шеберлері бақ сынап, ең мықтысы анықталады.
Айта кетейік, бұған дейінгі маусымдарды көргендердің жалпы саны 320 миллионнан асқаны хабарланған. Бұл көрсеткіш жобаның Азияда ғана емес, әлемдік аудиторияда да танымал екенін аңғартады.
Бивол кәсіби рингте:
Келесі қарсыласы әзірге нақты бекітілмеген
Дмитрий Биволдың ең соңғы айқасы 2025 жылдың 22 ақпанында өтті. Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) ұйымдастырылған кездесуде ол Артур Бетербиевпен реванш өткізіп, көпшілік төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша жартылай ауыр салмақта абсолют чемпион атағы үшін өткен маңызды тартыста басым түсті.