Қазақстан спорты үшін тарихи жетістікке қол жеткізген еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әке атанды. Қуанышты жаңалықты спортшының жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Ризабек Айтмұханның жары Instagram сторисіне перзентханадан шығару сәтінен кадрлар жариялаған. Видеолар мен фотоларда жас ата-ана жақындарының ортасында перзентхана алдында тұрғаны көрінеді.
Жарияланған құттықтауларға қарағанда әлем чемпионының отбасында қыз бала дүниеге келген.
Стористе жұпқа арналған жылы лебіздер де байқалады. Туыстары мен жақындары:
деген мазмұнда құттықтаулар қалдырған.

Ризабек Айтмұхан — Қазақстан атынан еркін күресте әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы ретінде тарихқа енген балуан.