Қазақстандық шахматшы, әлем чемпионы Жансая Әбдумәлік әлеуметтік желідегі жазбасында ана болуға байланысты сезімдері мен күнделікті қиындықтары туралы айтты.
26 жастағы спортшының айтуынша, ана атанғаннан кейінгі ең ауыр сәттердің бірі — сәбиін бір сәтке болса да жалғыз қалдыру.
Жансая баласымен мүмкіндігінше көп уақыт өткізгісі келетінін, тіпті “тәулік бойы бірге болғым келеді” деген ойдың жиі келетінін жеткізген.
Әбдумәлік сәби дүниеге келгеннен кейін алаңдаушылық деңгейі өскенін де жасырмады. Өзін “өте үрейшіл ана” деп санамаса да, ұйқысы бұрынғыдай терең емес екенін айтқан.
Бұрын ұйықтап жатқанда сыртқы дыбысты көп аңғармайтын болса, қазір көрші бөлмеден баласының тынысын да естіп қоятын жағдайға жеткенін жазған.
Шахматшы үшін ең ауыр уақыт — сәби тұмауратып қалғанда немесе бір нәрсе мазалағанда болатын сәттер. Мұндай кезеңдерде уайым күшейіп, жүйке ерекше шаршайды дейді.
Жансая сәби жылаған кезде өзін ұстап қалу кейде қиынға соғатынын да ашық жеткізген. Оның сөзінше, бала жылап жатқан сәтте эмоция қатты қозып, “біреуді “құлатып” тастауға дайын сияқтымын” деген ой келетін кездер болады.
Еске салайық, Жансая Әбдімәлік өткен жылдың тамызында алғаш рет ана атанған. 2023 жылы тұрмысқа шыққаннан кейін спорттық мансабына үзіліс жариялаған.
Үзіліске дейін Әбдумәлік жасөспірімдер арасында бірнеше мәрте әлем чемпионы атанып, сондай-ақ 2021 жылы Гибралтарда өткен әйелдер арасындағы FIDE Гран-приін жеңіп алған.