Себебі таңқалдырады! Олимпиада чемпионы бейәдеп сайттан аккаунт ашты

Сарапшы, спорт журналисі

Спортшының айтуынша, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Қалыпты жағдай деп ақталды ол. 

Себебі таңқалдырады! Олимпиада чемпионы бейәдеп сайттан аккаунт ашты
Sports.ru

Германия құрамасының бобслейшісі, Олимпиада чемпионы Лиза Буквиц OnlyFans платформасында жеке аккаунтын ашты. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.

Бұған өзіндік себебі бар

Лиза Буквицтің айтуынша, OnlyFans оған спорттық мансабын жалғастыруға мүмкіндік беріп отыр.

"Мен үшін OnlyFans — өмірімде болған ең жақсы шешімдердің бірі. Бұл — маған Қарулы күштердегі қызметпен қатар спортпен айналысуға мүмкіндік беретін демеуші. Мұнда тұрған ештеңе жоқ, бұл — қалыпты жағдай", — деді спортшы сұхбатында.

Лиза Буквиц 2018 жылғы Олимпиадада Мариама Яманкамен бірге бобслейден алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ оның қоржынында 2024 жылғы әлем чемпионатының алтыны мен Әлем кубогы кезеңдеріндегі көптеген жеңістер бар. Осы жетістіктері Буквицті Германия құрамасының көшбасшыларының бірі ретінде көрсетеді.

Фото: metaratings.ru

Лиза Буквиц Германия құрамасында OnlyFans-та аккаунты бар жалғыз спортшы емес. Ерлер құрамасының мүшесі Георг Фляйшхауэр де осы платформада тіркелген. Ол өз парақшасында кәсіби спортшының күнделікті өмірін, соның ішінде дене дайындығы көрсететін контент ұсынады.

Алдағы Олимпиада

Еске салайық, Милан қаласында өтетін Олимпиада ойындары 1 ақпанда басталады. Лиза Буквиц бобслей дисциплинасында алтын медальға негізгі үміткерлердің бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір