“Сыйлыққа “масайрап” кетпейді” - Шайдоровтың хореографы чемпионның сыйлықтарға реакциясын ашып айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудағы олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровпен бірге жұмыс істейтін бапкер-хореограф Иван Ригини спортшының Италиядағы ойындардағы өнеріне баға беріп, елге оралғаннан кейінгі қымбат сыйлықтарға қатысты пікірін білдірді.

“Сыйлыққа “масайрап” кетпейді” - Шайдоровтың хореографы чемпионның сыйлықтарға реакциясын ашып айтты
nbc26.com

Ригини: “Мишаның ішкі мәселелерімен жұмыс істедік”

Бұрын кәсіби спортта өнер көрсеткен, кейін хореография мен қойылым жасауға ауысқан Ригини 2022 жылдан бері Шайдоровпен бір командада. Маманың айтуынша, табыстың бір кілті — спортшының өз ішкі қиындықтарын жеңе білуі.

“Қазір Миша үшін қатты мақтанамын. Екеуміз бірге көп еңбек еттік. Ол өз “демондарын” жеңіп, осындай нәтижеге жетті. Бұл жетістікке аз да болса үлес қосқаныма қуаныштымын”, — деді Ригини Sport24-ке берген сұхбатында.

Хореограф Шайдоровтың жеңісіне байланысты “бір елдің ықпалы” туралы пікірлерге де тоқталды. Оның сөзінше, Михаил — нағыз қазақ, ал жанкүйерлердің эмоциясы мәнерлеп сырғанаудың аудиториясы қаншалықты кең екенін көрсетеді.

“Бұлай бөліп айту дұрыс емес деп ойлаймын. Ресейдің оның жетістігіне қуанып жатқаны — жақсы. Бірақ Миша — қазақ. Бұл жанкүйерлердің керемет екенін дәлелдейді. Мысалы, Илья Малинин үшін де көп адам алаңдайды, ол өмір бойы АҚШ-та тұрғанымен”, — деді маман.

Шайдоров тарихи алтыннан кейін әлеуметтік желіде спортшыға орден, пәтер, тіпті көлік сыйланғаны жайлы ақпарат тарады. Осыған байланысты «мұндай назар оның мінезіне әсер етпей ме?» деген сұрақ қойылғанда, Ригини сабырлы жауап берді.

“Үміттенемін, әсер етпейді. Мишаның бұған дейін әлем чемпионатындағы күмістен кейін де тәжірибесі бар. Ол өте қарапайым жігіт, бұзылып кетпейді. Қарапайым дүниеге бала сияқты қуанады — маған сонысы ұнайды. “Понты” болмайды деп ойлаймын. Бірақ мұндай жетістікті атап өту керек”, — деді хореограф.

Иван Ригини кім?

  • Жасы: 34
  • Туған жері: Мәскеу
  • Бастапқыда халықаралық жарыстарда Ресей атынан шыққан
  • 2013 жылы спорттық азаматтығын Италияға ауыстырған
  • Шоу-қойылымдарға да нөмір қояды: соның ішінде Камила Валиеваға да бағдарлама дайындағаны айтылады
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір