"Реал" жұлдызы сүйіктісіне миллион долларлық сыйлық жасады

Спорт шолушысы

Мбаппе актрисаға құны 1,2 миллион доллар болатын алқа тарту етті. 

"Реал" жұлдызы сүйіктісіне миллион долларлық сыйлық жасады
e.vnexpress.net

Мадридтік "Реал" жұлдызы Килиан Мбаппе көпшілікті тағы да таңқалдырды. Бұл жолы алаңдағы ойынымен емес. 

Шетелдік басылымдардың мәліметінше, француз футболшысы өзінің сүйіктісі – танымал испаниялық актриса Эстер Экспоситоға құны шамамен 1,2 миллион доллар болатын гауһар тасты алқа сыйлаған.

Сый не себепті жасалды?

Ерекше сыйлық Канн кинофестивалі қарсаңында табысталған. Эстер Экспосито аталған іс-шараның негізгі қонақтарының бірі саналады. Сүйіктісінің қызыл кілемде өзгелерден ерекшеленуі үшін Мбаппе осындай қадамға барған. 

Айта кетейік, 26 жастағы Эстер Экспосито Netflix платформасындағы "Элита" сериалы арқылы әлемге танылған. Қазіргі таңда актрисаның Instagram парақшасына 24 миллионнан астам адам жазылған.