"Баланы керек емес деді": Шавкат Рахмоновтың жұбайы елді елең еткізді
Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасы жағдайына қатысты жазба жариялады. Ол спортшының жаңа туған баласына байланысты пікір білдіріп, жұртшылықтан Шавкатты құттықтап мазаламауды сұрады.
Гүлайым Instagram-да не жазды?
Спортшының жұбайы Instagram сторисінде отбасы ішіндегі мәселелерді ашық жазған. Ол өз жазбасында туыстар арасындағы қарым-қатынас, материалдық қолдау және жеке өміріне араласу жайын қозғады.
Гүлайымның сөзінше, Шавкаттың табысы отбасындағы бірқатар шығынға жұмсалған. Ол сондай-ақ жұбайының туыстары тарапынан араласу көбейгенін меңзеген.
“Қызы ажыраспасын, ал ұлы ажырасса да болады деген тактика сияқты. Қызының тойына 30 миллион жұмсалды, үй алынды, көлік сыйланды. Бұдан бөлек көп нәрсеге Шавкаттың ақшасы кетті. Оның тағы үш ұлы бар болса да, неге екені белгісіз бәріне тек Шавкат міндетті болды”, — деп жазды Гүлайым.
Баланы керек емес деді
Гүлайым жазбасында көпшіліктен Шавкатқа жаңа туған сәбиіне қатысты сұрақ қоймауды өтінді. Оның айтуынша, спортшы бұл мәселеге байланысты өз ұстанымын білдірген.
“Ол бала өзіне керек емес екенін өзі айтты. Мені босануға ешкім апарған жоқ, өзім барып, аман-есен босанып, өз аяғыммен үйге оралдым. Оны мазаламаңыздар, құттықтап жазбаңыздар”, — делінген жазбада.
Сонымен қатар Гүлайым Аллаға шүкіршілік айтып, қазіргі жағдайға сабырмен қарап отырғанын жеткізді.
Шавкаттың бесінші баласы дүниеге келген еді
Бұған дейін Шавкат Рахмонов пен Гүлайымның бесінші сәбиі дүниеге келгені хабарланған. Қыз бала 15 мамырда туған. Оған Жанымсұлу есімі берілген.

Қазір белгілі ақпаратқа сүйенсек, Шавкат Рахмонов отбасымен бірге тұрмайды. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар арасында ажырасу процесі жүріп жатқаны айтылады.
