"Зенит" сүйінші сұрады: Нұралы Әліптің отбасында қуанышты жаңалық
Қазақстан құрамасы мен Санкт-Петербургтің "Зенит" клубының қорғаушысы Нұралы Әліптің отбасында екінші сәби дүниеге келді.
Әліптің отбасында екінші қыз дүниеге келді
Қуанышты жаңалықты "Зенит" клубы жариялады. 5 қарашада дүниеге келген нәрестеге Айсана есімі берілген. Сәбидің салмағы — 4300 грамм, бойы — 53 сантиметр.
Нұралы мен Әйгерім бұған дейін Алая есімді қыз тәрбиелеп отырған.
Клуб футболшы мен оның жұбайын құттықтап, Айсанаға, әпкесі Алаяға және ата-анасына мықты денсаулық пен көтеріңкі көңіл күй тіледі.
Нұралы Әліптің клуб пен құрамадағы көрсеткіштері
Әліп 2023 жылдың қаңтарында "Зенит" сапына ауысқан. Ресейлік команда құрамында қорғаушы тоғыз трофей жеңіп алды.
Ал Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесінде 56 матч өткізіп, екі гол соққан.
Бұл туралы не ойлайсыз?