Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстанның үздік теннисшісі Мадридте керемет камбэк жасады

Сарапшы, спорт журналисі
27.04.2025, 00:22

Анна Данилина Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 сериялы турнирінде жарқын жеңіспен ерекшеленді. 

Қазақстанның үздік теннисшісі Мадридте керемет камбэк жасады
фото ашық дереккөздерден алынды

Қазақстандық Анна Данилина мен ресейлік серіктесі Ирина Хромачева жұптық сайыста турнирді сәтті бастады. Бірінші айналымда олар испаниялық Кристина Буча мен жапониялық Сюко Аоямамен кездесті. Қос теннисші күрделі матчта үш сет ойнап, 5:7, 7:5, 12:10 есебімен жеңіске жетті. Тартысты ойын екі сағатқа созылды.

Жеңісті нәтижеден кейін Данилина мен Хромачева турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Енді олар чехиялық Линда Носкова мен даниялық Клара Таусон жұбына қарсы ойнайды.

Айта кету керек, Анна Данилина қазіргі таңда әйелдер арасындағы жұптық рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы саналады. Ол әлемдік рейтингте 17-орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір