Елена Рыбакина Олимпиададағы қасіретті қайталады: тағы да Свитолинадан жеңілді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридтегі супертурнирден шығып қалды. 

Елена Рыбакина Олимпиададағы қасіретті қайталады: тағы да Свитолинадан жеңілді
sportarena.kz

Рыбакина WTA 1000 санатындағы жарыстың үшінші айналымында украиналық Элина Свитолинамен кездесті. Қазақстандық теннисші 3:6, 4:6 есебімен ұтылды.

Бұл теннисшілер арасындағы алтыншы жеке кездесу болды. Енді олардың өзара есептері 3:3 нәтижесіне теңесті.

Еске салайық, Рыбакина үшін ең ауыр жеңілістердің бірі дәл осы Элина Свитолинаға қарсы өткен. 2020 жылғы Токио Олимпиадасының "қола" медалі үшін өткен матчта Рыбакина алғашқы сетте 6:1 есебімен жеңгенімен, кейінгі екі сетте 6:7, 4:6 нәтижесімен қарсыласына есе жіберген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір