Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Александр Бублик 2025 жылдағы алғашқы трофейін жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
18.05.2025, 17:47

Қазақстандық теннисші Александр Бублик биылғы маусымдағы алғашқы жүлдені қанжығасына байлады. Ол Туриндегі беделді Challenger турнирінің чемпионы атанды.

ulysmedia.kz
ulysmedia.kz

Финалда Қытай өкілін тізе бүктірді 

Әлемнің 76-ракеткасы саналатын Бублик шешуші матчта қытайлық Бу Юнчаокетемен (АТР рейтингінде 73-орында) жолықты. Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі болды.

Бублик топырақта тұңғыш рет жеңіске жетті

Матч 1 сағат 14 минутқа созылды. Біздің теннисші өз геймінде екі рет ұтылғанымен, қарсыласының бес брейкін қайтарып, 6:3, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл — Бубликтің 2025 жылғы алғашқы титулы. Ол бұған дейін наурызда АҚШ-тың Финикс қаласында өткен Challenger турнирінің финалына шыққан. Бірақ португалиялық Жуау Фонсекеге жол берді. 

Қазақстан атынан топырақта алғаш рет жеңіске жетті

Бұл жеңістің тарихи мәні де бар. Александр Бублик Қазақстан құрамасы атынан алғаш рет топырақта (грунт) чемпион атанып отыр. Бұған дейін ол тек 2016 жылы Ресей туы астында “Фьючерс” деңгейіндегі жарысты ұтқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір