Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық вундеркинд ATP рейтингінде 374 сатыға көтерілді

Редактор Penalty.kz
27.05.2025, 15:59
Time.kz
Time.kz

17 жастағы қазақстандық теннисші Амир Омарханов Италиядағы жұптық турнирде финалға шығып, ATP жұптық рейтингінде бірден 374 позицияға жоғарылады. Бұл – оның кәсіби мансабындағы ең ірі серпілістердің бірі.

Италиядағы турнир

Амир Омарханов италиялық Александр Биндамен жұп құрып, Италияның Реджо-Эмилия қаласында өткен ITF M25 турнирінің финалына дейін жетті. Финалда олар италиялық Томмазо Компаньюччи мен ресейлік Кирилл Киватцевтен 0:2 есебімен (4:6, 5:7) ұтылды.

Жеңіліске қарамастан, Омарханов ATP жұптық рейтингінде 374 сатыға көтеріліп, 1013-орынға жайғасты.

Фото: tengrisport.kz

Australian Open турнирінен кейін жұлдызы жанды

Амир Омарханов туралы теннис әлемінде алғаш рет 2024 жылдың басында өткен Australian Open жасөспірімдер турнирінен кейін айтыла бастады. Ол сол жарыста өз жас санатындағы әлемдік рейтинг көшбасшысын жарыстан шығарып, ширек финалға дейін жеткен болатын.

Теннис жолы Қарағандыда басталды

Амир 2007 жылы 17 қарашада Қарағандыда дүниеге келген. Тенниспен ерте жастан айналысып, 10 жасында-ақ өз жас санатында Қазақстан чемпионы атанды. 2021 жылдан бастап халықаралық деңгейге шыға бастады.

  • 2024 жылдың сәуірінде Амир ATP турындағы алғашқы жарысына қатысып, Мадридтегі Masters турнирінде Wild Card иегері ретінде кәсіби дебют жасады.

  • 2025 жылдың басында ол жасөспірімдер арасында әлемдік топ-5 рейтингке енді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір