ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстандық теннисші "Ролан Гарроста" қазіргі чемпиондарды жолда қалдырды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Франция ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бұл жетістікке ол жұптық разрядтағы ойын нәтижесінде қол жеткізді.

Қазақстандық теннисші "Ролан Гарроста" қазіргі чемпиондарды жолда қалдырды
inform.kz

Қарсылас қазіргі чемпиондар болған

Анна сербиялық серіктесі Александра Круничпен бірге Катерина Синякова (Чехия) мен Тэйлор Таунсенд (АҚШ) дуэтін үш сетте жеңіп кетті. Есеп: 7:5, 4:6, 6:2

Айта кетейік, Синякова мен Таунсенд – осы турнирдің қорғаушы чемпиондары болатын. 

Келесі қарсылас – Норвегия мен Жапония дуэті

Жартылай финалда Данилина мен Крунич Улрикке Эйкери (Норвегия) /Эри Ходзуми (Жапония) дуэтімен кездеседі. Бұл жұп ширек финалда Ирина Бегу (Румыния) мен Янина Викмайерден (Бельгия) 6:4, 6:3 есебімен басым түскен. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.