
Анна Данилина Франциядағы "Үлкен дулыға" турнирінің жұптық финалында жеңіліске ұшырады.
Анна Данилина мен оның сербиялық серіктесі Александра Крунич Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) әйелдер арасындағы жұптық сайысының финалында италиялықтар — Сара Эррани / Жасмин Паолинимен кортқа шықты.
Кездесу үш сетке созылып, қорытынды есеп былайша тіркелді:
Осылайша, Эррани мен Паолини жұбы “Ролан Гаррос–2025” чемпиондары атанды.
Бұл — Анна Данилинаның әйелдер арасындағы жұптық сында екінші рет Grand Slam финалына шығуы. Бұған дейін, 2022 жылы Australian Open турнирінде де финалға жетіп, жеңіліске ұшыраған.
Сонымен қатар, 2023 жылы US Open турнирінде аралас жұптық сайыста чемпион атанған. Бұл — оның мансабындағы ең ірі жеңістердің бірі саналады.
Анна Данилина — қазіргі таңда Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы. Ол халықаралық ареналарда еліміздің намысын сәтті қорғап, өз тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі арқылы көптің құрметіне ие болды.