Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің 1/8 финалында әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерді сенсациялық түрде жеңіп шықты.
Матч үш сетке созылып, есеп келесідей аяқталды: 3:6, 6:3, 6:4. Осылайша, Бублик турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Бұл жеңіс – Бублик үшін Синнерге қарсы екінші рет тіркелген табыс. Бір қызығы, алғашқы жеңіс те дәл осы Галледе, 2023 жылы болған. Ол кезде Синнер матч барысында жарақат алып, есеп 5:7, 0:2 кезінде ойынды тоқтатуға мәжбүр болған.
Алайда кейінгі кездесулер оңай болмады. "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалында Синнер Бүлікті 6:1, 7:5, 6:0 есебімен оңай жеңген еді. Сондықтан қазіргі реванш Бүлік үшін өте маңызды әрі тарихи сәтке айналды.