
Қазақстанның бірінші ракеткасы ATP 500 деңгейіндегі Галле турнирінде әлемнің 11-ракеткасы Даниил Медведевті финалда жеңіп, рейтингте бірден 15 сатыға көтерілді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 деңгейіндегі Terra Wortmann Open турнирінде сенсациялық жеңіске қол жеткізіп, әлемдік рейтингте бірден 15 сатыға көтерілді. Енді ол ресми түрде әлемнің 30-ракеткасы атанды.
Турнирдің финалында Бублик әлемнің 11-ракеткасы Даниил Медведевпен жолықты. Жекпе-жек 1 сағат 23 минутқа созылып, Александр Бублик 2:0 есебімен (6:3, 7:6) жеңіске жетті.
Айта кетейік, Александр Бублик бұл титулды өз мансабында екінші рет жеңіп алды. Ол алғаш рет осы турнирде 2023 жылы жеңіске жеткен. Ол кезде финалда әлемнің 14-ракеткасы Андрей Рублевпен кездесіп, 2:1 есебімен (6:3, 3:6, 6:3) басым түскен.