Қазақстанның бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде 12-орында тұрған Елена Рыбакина АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің ширек финалында жеңіске жетті.
Рыбакина польшалық Магдалена Фрехті (WTA рейтингінде 24-орында) сенімді түрде 6:3, 6:3 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.
Елена жартылай финалда канадалық 36-орында тұрған теннисші Лейла Фернандеспен ойнайды. Фернандес америкалық Тейлор Таунсендті (97-орын) 6:4, 7:6 есебімен тізе бүктірген.
Вашингтондағы турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 282 951 АҚШ доллары.
Чемпион: 197 570 доллар және 500 WTA рейтингі ұпайын иеленеді.