Елена Рыбакина үздік сегіздік қатарында (ВИДЕО)
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы беделді турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы ірі теннис турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.
Үшінші айналымда Рыбакина румыниялық теннисші Жаклин Кристианмен кездесіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Бірінші сетте қазақстандық спортшы бірде-бір гейм бермей, 6:0 есебімен басым түсті. Екінші сетте сәл тартыс байқалғанымен, тай-брейкте жеңісті жұлып алып, матчты 7:6 нәтижесімен аяқтады.
Келесі қарсылас — Даяна Ястремская
1/8 финалда Елена Рыбакина украиналық спортшы Даяна Ястремскаямен кортқа шығады. Бұл кездесу ширек финалға жолдама беретін шешуші матч болмақ.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet