
Италия теннисі жаңа тарихи белеске жетті. Бірінші ракетка Янник Синнер мен әлемдік рейтингтің тоғызыншы нөмірлі теннисшісі Жасмин Паолини Цинциннати (АҚШ) турнирінде ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сында бір мезгілде жартылай финалға шыққан алғашқы италиялық спортшылар болды.
Төрт дүркін «Үлкен дулыға» турнирлерінің чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер ширек финалда канадалық Феликс Оже-Альяссимді еш мүмкіндік бермей жеңді — 6:0, 6:2. Енді ол финал жолдамасы үшін француз Теренс Атманмен кездеседі.
Әйелдер арасындағы жарыста Жасмин Паолини мықты қайсарлық танытты. Ол америкалық Кори Гауффқа қарсы ойында бірінші сеттен ұтылғанына қарамастан, матчты жеңіспен аяқтады — 2:6, 6:4, 6:3. Келесі кезеңде Паолини ресейлік Вероника Кудерметовамен күш сынасады.
Цинциннати турнирі 7–18 тамыз аралығында өтіп жатыр. Өткен жылы ерлер жарысында дәл осы Янник Синнер чемпион атанған еді. Әйелдер арасында белорусь теннисшісі Арина Соболенко жеңіске жеткен болатын. Алайда биылғы турнирде ол ширек финалда Қазақстан намысын қорғап жүрген Елена Рыбакинадан ұтылды — 1:6, 4:6.