АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы сенсациялық түрде жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Екі сетте аяқталған матчтың есебі — 6:1, 6:4. Кездесу алдында фаворит болып саналса да, Соболенко Рыбакинаның қуатты ойынына төтеп бере алмады.
Бұл турнирде Рыбакина бұған дейін де мықты қарсыластарды қапы қалдырды:
Осылайша қазақстандық теннисші төрт бірдей қарсыласын тізе бүктіріп, жартылай финалға шықты.
Цинциннати турнирінің жалпы сыйақы қоры — 5 152 599 доллар.
Жеңімпаз $752 275 көлемінде жүлде және 1000 WTA рейтингілік ұпай алады.