
Бейбіт Жұқаев АҚШ ашық чемпионатының (US Open-2025) іріктеу кезеңінде жартылай финалға шықты.
Жұқаев 1/4 финалда британиялық Джек Пиннингтон-Джонсты үш сетке созылған шиеленісті кездесуде жеңіп кетті. Ойынның есебі – 3:6, 7:6, 7:6. Бұл турнирдегі ең созылмалы әрі эмоцияға толы кездесулердің бірі болды.
Айта кетейік, қос теннисші бұған дейін кортта жолықпаған. Сондықтан тартыс күтпеген сәттерге толы болды.
US Open-2025 іріктеу кезеңі 21 тамызда мәреге жетеді. Ал негізгі жарыс 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтеді.