Елена Рыбакина Қытайдағы турнирді сәтті бастады
Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте 10-шы орында тұрған Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Бейжиң турнирін жеңіспен бастады.
Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастады. Оның қарсыласы әлемдік рейтингте 90-шы орында тұрған америкалық Кэти Макнэлли болды. Тартысты өткен матч үш сетке созылып, қазақстандықтың жеңісімен аяқталды — 7:5, 4:6, 6:3. Кездесу 2 сағат 30 минутқа созылды.
Ойын барысында Рыбакина шынтағын жарақаттап, медициналық тайм-аут алды. Физиотерапевт спортшының шынтағы мен қолын тексеріп, массаж жасады. Соған қарамастан, Елена үшінші сетте күш жинап, жеңісті жұлып алды. Келесі кезеңде ол әлемдік рейтингтің 66-шы ракеткасы, германиялық Ева Лиспен кездеседі.
Айта кетейік, Бейжиң турнирі 24 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтеді. Биылғы дода Елена Рыбакина үшін ерекше маңызды, себебі ол WTA маусымдық финалына жолдама үшін күресіп жатыр.
Елена Рыбакина жайлы

Елена Рыбакина – Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингтің көшбасшыларының бірі. Ол 2022 жылы Уимблдон турнирінде жеңіске жетіп, Қазақстан тарихында алғаш рет «Үлкен дулыға» жарысының чемпионы атанды. Рыбакина сондай-ақ бірнеше WTA титулдарының иегері, «Үлкен дулыға» турнирлерінің финалы мен жартылай финалдарында тұрақты өнер көрсетіп жүр. Оның мықты қарысы мен шабуылға бейім ойыны әлем жанкүйерлерін тәнті етеді.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.