Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Елена Рыбакина екі ойында жарты миллиардқа байыды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық спортшының қалтасына бір миллион АҚШ долларынан аса қаржы түсті. 

Елена Рыбакина екі ойында жарты миллиардқа байыды
Елена Рыбакина. Фото: WTA

WTA 2025 маусымының қорытынды турнирінде Елена Рыбакина 1 050 000 доллар табыс тапты. Екі жеңіс үшін ол 355 000 доллардан және турнирге қатысқаны үшін 340 000 доллар алған. 

Топтық кезеңдегі әр жеңіс 200 рейтингтік ұпай әкеледі. Осылайша, Рыбакина қазірдің өзінде 400 ұпай (2×200) жинады.

Егер ол топтағы үшінші матчта да жеңіске жетсе, тағы 355 000 доллар сыйақ алып, жартылай финалға дейінгі табысын 1 405 000 долларға дейін арттырады.

Рыбакинаның керемет сенсациясы

Қазақстандық теннис жұлдызы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан WTA-2025 маусымның қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Швёнтекті сенсациялық түрде жеңді. Кездесу үш сетке созылып, 3:6, 6:1, 6:0 есебімен Рыбакина пайдасына аяқталды. Матчтың ұзақтығы 1 сағат 39 минутты құрады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір