Юлия Путинцева Аделаидада сенсация жасады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 74-орын) Австралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан турнирдің іріктеу кезеңінде күтпеген нәтиже көрсетті.
Негізгі турнирдің жолдамасы
Ол шешуші квалификация финалында чехиялық Мария Боузкованы (WTA 46-орын) ұтып, негізгі жарыс кестесіне жолдама алды.
Іріктеудің финалында Путинцева қарсыласын екі сетте тізе бүктірді — 6:4, 7:6. Кездесу 2 сағат 20 минутқа созылды. Айта кетейік, бұл жұптағы фаворит ретінде Боузкова қарастырылған.
Келесі қарсыласы кім?
Путинцева негізгі сеткадағы алғашқы ойында венгриялық теннисші Далма Галфимен (WTA 94-орын) кездеседі.
Аделаидадағы жарыстың жалпы жүлде қоры — 1 206 446 доллар. Турнир чемпионы 185 500 доллар сыйақы алып, сонымен бірге 500 рейтингтік ұпайға ие болады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.