Анна Данилинаның Australian Open-дегі ойыны камбэкпен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның жұптық разрядтағы үздік теннисшісі Анна Данилина Австралияның ашық чемпионатындағы микст санатында ширек финалда тоқтап, турнирдегі өнерін аяқтады.

Анна Данилинаның Australian Open-дегі ойыны камбэкпен аяқталды
Анна Данилина. Фото: WTA

Қазақстанның жұптық разрядтағы үздік теннисшісі Анна Данилина Австралияның ашық чемпионатындағы (Australian Open) микст санатындағы өнерін аяқтады.

АҚШ өкілі Джеймс Трэйсимен жұп құрған қазақстандық теннисші ширек финал кезеңінде бразилиялық Луиза Стефани мен Сальвадор өкілі Марсело Аревало дуэтіне қарсы ойнады. Данилина мен Трэйси алғашқы сетте жеңіске жеткенімен, матч қорытындысында жеңіліске ұшырады — 6:2, 4:6, 7:10. Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.

Осылайша, Стефани мен Аревало Australian Open–2026 турнирінің жартылай финалына жолдама алып, бұл кезеңде Катерина Синякова / Сэм Вербик пен Кристина Младенович / Мануэль Гинар жұбы арасындағы матчтың жеңімпаздарымен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір