Қазақстандық теннис өкіліне миллиондаған айыппұл салынды

Сарапшы, спорт журналисі

Халықаралық теннис адалдығын қамтамасыз ету агенттігі Қазақстанның ұлттық деңгейдегі теннис қызметкері Асылбек Қасымды 2025 жылы ойыншыларды сыбайлас жемқорлыққа итермелеген деген айыппен дисквалификациялады.

Қазақстандық теннис өкіліне миллиондаған айыппұл салынды
Фото: Getty Images

Дисквалификация және айыппұл

Асылбек Қасым бір жылға дисквалификацияланып, 10 000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды. Оның 7 000 доллары шартты түрде төленуі керек. Егер қазақстандық айыппұлды төлемесе, дисквалификация мерзімі аяқталмайды. Санкциялар 2026 жылдың 19 наурызынан 2027 жылдың 18 наурызына дейін күшінде болады.

2025 жылы ITIA Қасымның ойыншыларға сыбайлас жемқорлық бойынша қысым көрсеткені туралы дәлелдер тауып, тергеу басталды. Агенттік мәліметінше, Қасым бастапқыда тергеушілерге жауап бергенімен, кейіннен байланысын үзген және тергеу процесінен толықтай шеттетілген.  

Қандай шектеулер енгізілді?

Сонымен қатар халықаралық агенттік антикоррупциялық теннис бағдарламасы аясында Сербия теннисшісі Мила Масичті 4 жыл 10 айға дисквалификацияланып, 20 000 доллар айыппұл салды. Ал Германия теннисшісі Яна Ваник 1жыл 4 айға дисквалификацияланып, 1500 доллар төледі.

Ең ауыр жаза әйелдер теннис қауымдастығының теннисшісі Мила Масичке тағайындалды. дисквалификация  2030 жылдың 23 қазанына дейін күшінде болады. Спортшы матчтар үшін ақша алғанын және өзінің кінәсін мойындады.

Бұл үш жағдай теннистегі этикалық ережелерді сақтайтын ұйымдар күресуге тура келетін алаңдатарлық тенденцияны көрсетеді

Аталған тұлғалар Масич, Ваник және Қасым дисквалификация кезінде:

  • ATP, WTA, ITF, Tennis Australia, Француз федерациясы, Уимблдон, АҚШ теннис ассоциациясы немесе кез келген ұлттық теннис ұйымы өткізетін турнирлерге қатыса алмайды;
  • Тренерлік қызмет атқара алмайды, төрелік етпейді және жарыстарға қатыспайды;
  • Тергеуге толықтай жауап беріп, айыппұлдарды төлеуге міндетті