Юлия Путинцева "Ролан Гарроста" камбэк жасап, екінші айналымға өтті
Әлемдік рейтингте 76-орында тұрған Қазақстанның екінші ракеткасы бірінші айналымда WTA тізімінде 58-сатыда орналасқан австралиялық Талия Гибсонмен кездесті.
Үш сетке созылған матч
Юлия бірінші партияда қарсыласына жол бергенімен кейін ойын барысын толық өзгерте алды. Екінші сетте есепті теңестіріп, шешуші партияда сенімді басымдық көрсетті.
Матч 2 сағат 20 минутқа созылып, Путинцеваның жеңісімен аяқталды. Есеп 4:6, 6:4, 6:1
Бұл нәтиже қазақстандық теннисшіге "Ролан Гаррос"-2026 турнирінің екінші айналымына шығуға мүмкіндік берді.
Келесі қарсыласы кім?
Енді Юлия Путинцева келесі кезеңде Мария Осорио мен Екатерина Александрова арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
Мария Осорио — Колумбия өкілі, WTA рейтингінде 86-орында. Ал Екатерина Александрова әлемдік рейтингте 14-сатыда тұр.
"Ролан Гаррос" жүлде қоры
Биылғы Франция ашық чемпионатының жалпы жүлде қоры 61 723 000 еуроға тең.
Әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисші 2 800 000 еуро табыс тауып, WTA рейтингіне 2000 ұпай қосады.