Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" -2026 турнирінде алғашқы қарсыласын оңай жеңді

Спорт шолушысы

WTA рейтингінде 2-орында тұрған отандасымыз бірінші айналымда словениялық Вероника Эрьявецтен басым түсті.

Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" -2026 турнирінде алғашқы қарсыласын оңай жеңді
instagram/@wta

Екі сетте жеңіске жетті

Париждегі Үлкен дулыға додасының алғашқы кезеңінде Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 85-орында тұрған Вероника Эрьявецпен кездесті. Қазақстандық теннисші матч бойы қарсыласынан басым ойнап, кездесуді екі сетте аяқтады. Есеп — 6:2, 6:2.

Рыбакина екінші айналымда украиналық Юлия Стародубцевамен кездеседі. Ол WTA рейтингінде 54-орында орналасқан.

"Ролан Гаррос"-2026 жүлде қоры

Биылғы Франция ашық чемпионатының жалпы жүлде қоры 61 723 000 еуро деп белгіленген.

Жекелей сындағы чемпион 2 800 000 еуро көлемінде сыйақы алып, оған қоса 2000 рейтингтік ұпай еншілейді.

Елена Рыбакинаның "Ролан Гарростағы" ең үздік көрсеткіші — ширек финал. Теннисші бұл нәтижеге 2021 және 2024 жылдары жеткен.