Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте үздік бестіктен шығып қалды

Бокс шолушысы

Көш басында Катерина Синякова қалды, ал Тейлор Таунсенд пен Элизе Мертенс үздік үштікте тұр

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте үздік бестіктен шығып қалды
sports24.kz

Әйелдер теннис қауымдастығы жұптық сын бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Жаңа тізімде Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина бір саты төмендеп, үздік бестіктен тыс қалды.

Қазақстандық теннисші енді WTA жұптық рейтингінде алтыншы орында тұр.

Әлемдік рейтингте кімдер көш бастап тұр?

Жұптық рейтингтің бірінші сатысын чехиялық Катерина Синякова сақтап қалды. Екінші орында АҚШ өкілі Тейлор Таунсенд орналасқан.

Үздік үштікті бельгиялық Элизе Мертенс түйіндеп тұр. Ал канадалық Габриэла Дабровски екі саты жоғарылап, төртінші орынға көтерілді.

Сербиялық Александра Крунич бесінші орынға сырғыды. Ал Анна Данилина бір позиция жоғалтып, алтыншы сатыға түсті.

Путинцева бір орынға көтерілді

Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева жұптық рейтингте аздап алға жылжыды. Ол 181-орыннан 180-сатыға көтерілді.

Дегенмен жұптық сында Қазақстан атынан ең жоғары орында әлі де Анна Данилина тұр.