Александр Бублик "Уимблдон" турнирінде камбэк жасады

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстанның бірінші ракеткасы "Уимблдон-2026" турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.

Александр Бублик "Уимблдон" турнирінде камбэк жасады
lastwordonsports.com

Бес сетке созылған тартыс

"Үлкен дулыға" санатындағы беделді турнирдің үшінші айналымында әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик ATP рейтингінде 19-орында тұрған америкалық Фрэнсис Тиафомен кездесті.

Матч аса тартысты өтті. Теннисшілер кортта 4 сағат 10 минут өнер көрсетті. Нәтижесінде қазақстандық теннисші бес сет қорытындысы бойынша ерік-жігер танытты. Матч есебі: 4:6, 7:6 (7:5), 7:6 (13:11), 4:6, 6:3.

Ойын барысын өзгертті

Бублик кездесуді сәтсіз бастап, алғашқы партияда қарсыласына жол берді. Бірақ екінші сеттен бастап ол ойын тізгінін өз қолына алуға тырысты.

Екінші және үшінші партиялар тай-брейкке дейін созылып, шешуші сәттерде Бублик сабыр сақтай білді. Әсіресе үшінші сеттегі тай-брейк жанкүйерлерді ерекше толқытты — қазақстандық теннисші 13:11 есебімен басым түсті.

Төртінші сетте Тиафо таразы басын теңестіргенімен, шешуші бесінші партияда Бублик сенімді ойнап, матчты жеңіспен аяқтады.

Енді Александр Бублик ширек финал жолдамасы үшін әлемнің жетінші ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицпен кездеседі.

"Уимблдон-2026" туралы

"Уимблдон-2026" турнирі Лондонда 29 маусым мен 12 шілде аралығында өтіп жатыр. Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры рекордтық көрсеткішке жетіп, 64,2 миллион фунт стерлингке тең.