ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Рыбакина – Соболенко: US Open-2026 финалын қайдан көруге болады

Қазақстан уақыты бойынша финал 13 қыркүйекке қараған түні сағат 01:00-де өтеді. 

Рыбакина – Соболенко: US Open-2026 финалын қайдан көруге болады
championat.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалында беларусь спортшысы Арина Соболенкомен кездеседі.

Шешуші матч Нью-Йорктегі Arthur Ashe Stadium аренасында өтеді. Ойын АҚШ-та 12 қыркүйек күні жергілікті уақытпен 16:00-де басталады. Қазақстан уақыты бойынша финал 13 қыркүйекке қараған түні сағат 01:00-де өтеді. 

Рыбакина финалға қалай шықты?

Жартылай финалда Елена Рыбакина америкалық Кори Гауффпен кездесті.

Қазақстандық теннисші алғашқы партияны 3:6 есебімен бергенімен, кейін ойынды өзгертіп, келесі екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Рыбакина мансабында алғаш рет US Open финалына шықты. Бұл оның "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі төртінші финалы болмақ. Бұған дейін ол Уимблдон-2022 және Australian Open-2026 турнирлерінде чемпион атанған.

Соболенко қатарынан үшінші титулға таласады

Арина Соболенко жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Беларусь теннисшісі US Open финалына төртінші жыл қатарынан шығып отыр. Ол Нью-Йорктегі турнирдің соңғы екі маусымдағы чемпионы және биыл жеңіске жетсе, қатарынан үшінші титулын иеленеді.

US Open ресми мәліметі бойынша, Рыбакина мен Соболенко бұған дейін 17 рет кездескен, жеке матчтар статистикасында беларусь теннисшісі 10:7 есебімен алда.

Қос теннисші "Үлкен дулыға" турнирінің финалында бұған дейін екі рет кездескен.

Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанады

US Open финалының нәтижесіне қарамастан, Елена Рыбакина турнир аяқталғаннан кейін WTA рейтингінде бірінші орынға көтеріледі.

Қазақстандық спортшы бұл мәртебеге ширек финалда Чжэн Циньвэньді жеңгеннен кейін кепілдік берді. Осылайша, ол WTA тарихындағы 30-шы әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

Бұл туралы не ойлайсыз?