ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңартылған әлемдік рейтингте көш бастады.

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
ҚТФ

Жаңартылған рейтингте Рыбакина 9901 ұпаймен бұрынғы көшбасшы Арина Соболенконы басып озды. Беларусь теннисшісінің қоржынында 7875 ұпай бар.

Үздік үштікті америкалық Джессика Пегула 7265 ұпаймен түйіндеді.

Елена Рыбакинаның бірінші ракетка атануына US Open турниріндегі нәтиже әсер етті. Қазақстандық теннисші ширек финалда қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алғаннан кейін әлемдік рейтингте бірінші орынға шығуын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. 

Турнир басталар алдында бірінші орын үшін Рыбакинадан бөлек Арина Соболенко, Джессика Пегула және Коко Гауфф та таласқан еді.

Тарихи жетістік

Финалда Елена Рыбакина Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, US Open-дегі алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алды. Бұл қазақстандық теннисшінің мансабындағы "Үлкен дулыға" санатындағы үшінші титулы болды. Бұған дейін Рыбакина 2022 жылы Уимблдонда, ал 2026 жылы Australian Open турнирінде жеңіске жеткен.

Сонымен қатар, Рыбакина WTA тарихында әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілген 30-шы теннисші атанды. Қазақстандық теннисші ерлер және әйелдер арасындағы тарихта аталған спорт түрінен әлемдік жеке рейтингте көш бастаған алғашқы спортшы болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?