ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Президент Елена Рыбакинаны US Open-2026 жеңісімен құттықтады

Жуырда отандасымыз US Open турнирінің чемпионы атанған еді. Соның арқасында мансабындағы үшінші "Үлкен дулыға" титулына ие болды.

Президент Елена Рыбакинаны US Open-2026 жеңісімен құттықтады
24.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-2026 турниріндегі тарихи жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге", – делінген құттықтауда.

Рыбакина US Open чемпионы атанды

Нью-Йоркте өткен әйелдер арасындағы финалда Елена Рыбакина беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен кездесті.

Үш сетке созылған шешуші матчта қазақстандық спортшы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет US Open турнирінің чемпионы атанды. Осылайша, US Open-дегі жеңіс Елена Рыбакинаның мансабындағы үшінші "Үлкен дулыға" титулына ие болды.

Ол бұған дейін Уимблдон-2022 турнирінде және Australian Open-2026 турнирінде чемпион атанды. 

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның US Open турнирінен қанша табыс тапқаны туралы хабарланған еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?