Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші хорватиялық Лучия Чирич-Багаричпен бірге Самсун қаласындағы WTA 125 турнирінің жұптық сынында жартылай финалға жолдама алды.

Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
olympic.kz

Қазақстандық-хорватиялық жұпқа швейцариялық Наима Карамоко мен германиялық Нома Ноха Акуге қарсы тұрды. 1 сағат 11 минутқа созылған кездесу Құламбаева мен Чирич-Багаричтің пайдасына 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Бұл жұптар осындай құрамда алғаш рет бір-бірімен кездесті.

Жібек пен Лучия кездесу барысында қарсыластарының сервисін төрт рет бұзды. Өз доп беруінде бір геймнен айырылып, екі қос қате жіберді. Эйс тіркеген жоқ.

Жеңімпаз жұптың негізгі көрсеткіштері:

Эйс: 0;
Қос қате: 2;
Брейк: 4;
Өз сервисінде жоғалтқан гейм: 1.

Финалға шығу үшін Жібек Құламбаева мен Лучия Чирич-Багарич ресейлік Елена Приданкина және Анастасия Тихоновамен ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?