Кездесу тағдыры супер тай-брейкте шешілді
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева ITF турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды.
Италиялық Николь Фосса Уэргомен бірге Аргентинаның Сан-Мигель қаласында өткен ITF санатындағы турнирде топ жарды.
Финалда Құламбаева мен Уэрго жұбы Мария Паулина Гарсия (Колумбия) мен Аврора Зантедешимен (Италия) кездесті. Кездесудің алғашқы сеті 6:3 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді. Екінші кезеңде 4:6 есебімен есе қайтарды. Осылайша, турнир жеңімпазы супер тай-брейкте анықталды. Қазақстан/Италия жұбы 10:7 есебімен үздік атанды.
Айта кетейік, 24 жастағы Жібек Құламбаева жекелей сында «Үлкен дулыға» турнирлерінде әлі өнер көрсетпеген. WTA рейтингінде жекелей санатта жерлесіміз 382-орында тұр.