Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Скатов пен Шевченко ширек финалға шықты

Сарапшы, спорт журналисі
15.10.2024, 10:04

Алматы қаласында теннистен АТР 250 санатындағы халықаралық турнир өтіп жатыр. 

Скатов пен Шевченко ширек финалға шықты
El.kz

Алматы қаласында теннистен АТР 250 санатындағы халықаралық турнир өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге қатысушылар арасында әлемдік рейтингте үздік отыздықтың қатарына енген спортшылар да бар. Негізгі кезеңде Қазақстан атынан Александр Бублик ойнайды. Сонымен қатар, Михаил Кукушкин де жарысқа қатысуға мүмкіндік алды. Ол іріктеу кезеңінде Өзбекстандық Хумаюн Сұлтановты ұтты. Есеп: 6:4, 6:4. 

Ал Әмір Омарханов негізгі кезеңге шыға алмады. Қазақ жігіті британиялық Дэниэл Эвансқа есе жіберді. Бұған қоса, жұптық сында қазақстандық Тимофей Скатов пен Александр Шевченко сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды. Олар америкалық Эван Кинг пен Риз Штальдер жұбын айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:1, 7:6. 

Алматы қаласындағы теннис турнирі 20-шы қазанға дейін жалғасады. Ал, оның жалпы жүлде қоры 1 млн доллардан асады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір