ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Елена Рыбакина: Ел намысын қорғау ерекше көңіл-күй сыйлайды

Желтоқсанның 27-сі күні қазақстандық теннисшілер Австралияда өтетін аралас командалық сында өнер көрсетеді. 

Елена Рыбакина: Ел намысын қорғау ерекше көңіл-күй сыйлайды
Sportburo.kz

27 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Австралияның Сидней және Перт қалаларында аралас командалық сында United Cup турнирі өтеді. Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлады. 

Қазақстан теннис федерациясы таратқан ақпар бойынша бұл жарыста қазақстандықтар С тобында өнер көрсетеді. Яғни Испания, Грекия теннисшілерімен шеберлік байқасады. 

Турнирде Қазақстан намысын Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және команда капитаны Александр Недовесов қорғайды.

"Мен United Cup жарысына көптен бері қатысқым келетін. Теннис жеке спорт түрі болғандықтан, біздерге командалық додаларға жиі жол түсе бермейді. Мен үшін мұндай бәсеке ерекше көңіл-күй сыйлайды. Ел намысын қорғау да аса маңызды", - деді Елена Рыбакина.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.