Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық теннисшілер United Cup турнирінде топ бастады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасы United Cup турнирі аясында Испаниядан басым түсті. 

Қазақстандық теннисшілер United Cup турнирінде топ бастады
runasport.com

Испанияға қарсы алғашқы ойында Александр Шевченко Пабло Карреньо-Бустадан жеңіліп қалды. Кейін Елена Рыбакина Джессика Манейродан айласын асырып, есепті теңестіріп кетті. 

Шешуші үшінші ойын жұптық бәсекеде өтті. Рыбакина/Шевченко дуэті Карреньо-Буста/Кавалье-Реймерсті жеңді.Осылайша Қазақстан Испанияны 2:1 есебімен тізе бүктіріп, С тобында көш бастады. 

Қазақстанның келесі қарсыласы – Грекия құрамасы. Матч 30 желтоқсанда өтеді. 

Еске сала кетсек, турнирде ұлттық құрама намысын Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және Александр Недовесов қорғап жатыр. 

¼ финалға алты топтың жеңімпаздары және екінші орынға тұрақтаған екі үздік команда жолдама алады. Жалпы United Cup турнирінде 18 құрама өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір